«Природные минеральные ресурсы Восточного Казахстана»: жаңа кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 24.05.2022 15:51
26 мамыр күні кітапханада геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Алтай геология-экологиялық институтының ардагері Геннадий Дмитриевич Ганженконың өлкеміздің пайдалы қазбаларына арналған «Природные минеральные ресурсы Восточного Казахстана» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Автор Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын қызықты сипаттай отырып, өлкеміздегі геология саласының дамуын хронологиялық тәртіпте қарастырады. 70-ші жылдардағы аңызға айналған геолог-романтиктердің көшпелі өмірінен қызықты мәліметтер келтіреді. Тұсаукесер барысында Г.Д. Ганженко жаңа кітапты жазу барысы, негізгі оқиғалардың хронологиялық тізбегі, иллюстрациялық материал қалай таңдалғаны жайында әңгімеледі.
Кітап тұсаукесеріне «Топаз» геологиялық барлау компаниясының басшысы В.П. Соляник, геологтар В. И. Мамин және А.И. Городко, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің «Геология және тау-кен ісі» кафедрасының қызметкері М.А. Мизерная және т. б. автордың әріптестері келді. Шара қонақтары Геннадий Дмитриевичтің геологияға деген шексіз махаббаты, өздерінің романтикалық кәсібі жайлы әңгімелеп, геологиялық өмірдегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Жаңа кітап таныстырылымын кітапхана қорынан ұсынылған қазақстандық геологияның даму тарихына арналған фактілер, құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылған «Геология. Шабыт, әрі еңбек» атты тақырыптық көрме толықтырды. Ал «Топаз» ЖШС ұсынған кенді минералдар топтамасы көрмеге ерекше рең берді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы