Оқырман «1941. БРЕСТСКАЯ КРЕПОСТЬ. КАЗАХСТАН» кітабымен танысты
10 қараша күні кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйла Ахметованың қатысуымен «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылық қолдауымен, Ұлы Отан соғысы басталғанына және Брест қамалын қорғауға 75 жыл толуына арналған.
Толығырақ...Әріптестік жалғасуда
Бүгін кітапхананың қызметкерлері және кітапхана еріктілерімен бірге Өскемен қаласы әкімдігінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайына барып қайттық. Осыдан 1 ай бұрын осы балаларға екі қоржын кітап апарған едік. Енді бүгін балалардың сол оқыған кітаптарының ішіндегі «100 Ертегі» атты кітаптың ішінен өздері таңдаған «Жолбарыс, қасқыр және түлкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы қойып бердік.
Оқылған ағылшын кітаптары бойынша ағылшын тілінде ойындар ойнатылса, 3 тілде балалар әндері шырқалды.
Толығырақ...Откроем книгу для наших детей
"Қыз - болашақ АНА "
3 қараша күні «Қызым саған айтамын...» клубы аясында «Қыз болашақ – АНА!» атты өте әдемі де, маңызды сырсалу кеші өтті.
«Ақылды қыз білімге жүгінер, ақымақ қыз сөзге ілінер» дегендей, қазақ қызын абыройсыздықтан сақтаумен қатар қыз тәрбиесі төңірегінде туындап жатқан көптеген мәселелер кездесуге келген «Ана үйі» мамандары Нәйлә Оңғарбаева, Думан Мұхамбетова және кітапхананың аға буын кітапханашылары Уалханова Рахия Нұралықызы, Слямова Зиза Мұхтарханқызы, Перкова Гульнар Қайырбековналармен бірге қызу талқыланды.
"Қыз - болашақ ана"- сырласу кеші
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
3 қараша күні, сағат 15.00-де «Қызым саған айтамын...» клубы аясында қыз тәрбиесі төңірегінде туындап жатқан көптеген мәселелерді кеш қонақтарымен бірге «Қыз болашақ – АНА!» атты сырсалу кешінде қызу талқылауға шақырамыз
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26615765
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы