Кітапханадағы қысқы түн
Кітапханада Жаңа жылдық мереке қарсаңында 21 желтоқсан күні сағат 18.00-23.00 аралығында «Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ ШҚОФ бастамасымен «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылды.
Толығырақ...«Оқу көшбасшысы – 2019» және «Мен құпияны ашамын» сайыстары өз мәресіне жетті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында кітапханада облыстық «Мен құпияны ашамын» және «Кітап оқу көшбасшысы - 2019» байқаулары жарияланған болатын. Аталған сайыс кітапхананың бастамасымен балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеу, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл басында бастау алған болатын.
Толығырақ...Кинорежиссер Серік Апрымов: өмірі және фильмдері
Белгілі кинорежиссер Серік Апрымовпен онлайн кездесуді кітапханамыздың библиографы Жанна Тұрсынбекова Инстаграмдағы @pushkinlibrary парашасында. Аталған кездесу кейіпкеріміз әрі жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының және Қазақстан Жастар одағының лауреаты, жиырмадан астам халықаралық кинофестивальдердің марапаттары мен сыйлықтарына ие болған тұлғамыз Серік Секенұлының мерейтойына арналды.
Толығырақ...Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
27 сәуір сағ. 10.00 – 12.00 аралығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен А. С. Пушкин атындағы кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен ерекше мұқтаж адамдар қоғамдық қоры әзірлеген көрмені тамашалауға шақырады.
Толығырақ...XX ғ 30-40 ж.ж. Қазақстанда латын қарпінде жарық көрген басылымдардан ретро-көрме
Бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырған латын әліпбиі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрініс тауып, мақсаты айқындалып, халықтың назарына ұсынылған болатын. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы облыс орталығы Өскемен қаласындағы зиялы қауымға таныстыру үшін кітапханамыздың алтын қорындағы латын қарпінде баспа көрген сирек басылымдардан «Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында»- тақырыбында сирек кітаптар көрмесін ұсынады.
Толығырақ...Кітап әлемді жақындастырады
«ЖАҚСЫ КІТАП ОҚИЫҚ» - деген атпен 22 желтоқсанда кітапханада Ленинград облыстық балалар кітапханасы сыйлаған кітаптар топтамасының презентациясы өтті. Бұл кездесу бірнеше жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарының балалары мен жасөспірімдеріне арналған «РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР - 2017» бірлескен ресейлік-қазақстандық жоба аясында өтіп отыр. Жоба жетекшісі - Ленинград облыстық балалар кітапханасының жетекші маманы Степанова Людмила Валентинова.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26353610
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы