Арнайық, туған елге Игілігін жанымыздың!
Міне, кітапханамызға А.С. Пушкин есімі берілгеніне 80 жыл болыпты. 1937 ақынның дүниеден озғанына 100 жыл өткенде облыстық кітапханаға есімі берілген екен.
Толығырақ...Мейірімділік, достық пен сүйіспеншілік мерекесі
28 ақпанда кітапхананың мәжіліс залында алғыс айту күніне орай достық мерекесі өтті. Мерекеге «В Кругу друзей» клубының ардагерлері, «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталығының қызметкерлері мен емделушілері қатысты.
Елбасымыз «Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген еді. Алғыс айту Күні қарсаңында өткен бұл мереке дәл осылай болды.
"Абай" журналына 100 жыл!
Бүгін Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Абай" журналының 100 жылдығына орай жақсы бір кездесу өтті.Аталған журналдың 12 нөмірін тапқан зерттеуші, ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы Алтын Ақынбекова Алматыдан арнайы келіпті. Семейден журналдың қазіргі бас редакторы Мұратбек Оспанов ағамыз алып-ұшып осында жетіпті.
Толығырақ...Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін
Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту –
еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Н.А. Назарбаев
12 желтоқсан 2018 жылы сағат 15.00-де кітапхана қала қауымдастығы, педагогикалық және шығармашылық интеллигенция, студенттер мен оқушылар, яғни, туған елінің тарихын танып-білгісі келетін жандарды «Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін» атты ауқымды әдеби композицияға шақырады.
Кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Рухани жаңғыру: Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
Туған жерін тұғыртас қылып, туған елін басына көтеріп, соның айбоз бақытты шағын көркем жырымен мөлдірете жеткізіп, ел жүрегіне жол тапқан Ұлықбек ақын 65 жасқа толып отыр. 25 сәуір күні кітапханада Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын, журналист Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналан әдеби-сазды кеш өткізілді.
Толығырақ...Бақытты балалық мерекесі
Халықаралық балаларды қорғау күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» жүзден аса кішкентай оқырманы көңілді мерекелік бағдарламаға қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Кітапханада таңертеңнен әуезді ән ойнап, балалар кітаптарының көрмесі, қолөнер бұйымдары мен суреттерінің экспозициясы ұсынылды. Балалар оқуы Орталығы қызметкерлері кішкентай қонақтарды мектеп бағдарламасы бойынша жазғы демалыста оқуға берілген кітаптармен таныстырып, «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балаларға арналған энциклопедиялар, «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки» тәрізді жас оқырмандар сүйіп оқитын журналдарға шолу жасады.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26075559
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы