"Нұрсұлтан Назарбаев: КӨШБАСШЫ ДАНАЛЫҒЫ": әдебиеттер көрмесі
Бүгін 30 желтоқсан күні ШҚ облыстық драма театрында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент Күніне орай арнайы мерекелік мәдени іс-шара өтуде. Осы іс-шара аясында біздің кітапхана мамандары «Нұрсұлтан Назарбаев. Көшбасшы даналығы» деп аталатын ауқымды әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Көрме «Бәсекелік қабілет және адами капитал», «Білімнің салтанат құруы», «Ұлттық рух» деп аталатын бөлімдерден тұрады.
Толығырақ...Астанаға 20 жыл
21 ақпанда сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесу өткізіледі. Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны – мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы. Кездесу қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөліседі. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу ...
Толығырақ...Жаңа күнді жақсылықпен баста!
Көктемнің алғашқы күні кітапханада амандасу мен алғыс сөздер айтудан басталды. Кітапхана мамандары алғашқы оқырмандарын «Алғыс күні - бірлік мерекесі» кітап көрмесінің қасында қарсы алды. Оқырмандарымыз викториналық сұрақтарға жауап беріп, ашық микрофонда өздерінің алғыс сөздерін айтып сыйлыққа ие болды. Олар достық үшін рахмет! барлық қазақстандықтарға тыныштық пен бірлік үшін рахмет! махаббат пен қуаныш тілейміз! деген сияқты ізгі тілектер мен алғыстар арнайы стендте жазып қалдырды.
Толығырақ...Курс подготовки к самостоятельной жизни в бизнес-среде
18, 19, 20 октября на базе Американского уголка в библиотеке им А.С. Пушкина состоится уникальная программа для выпускников вузов «Конструктор взрослой жизни». Под руководством бизнес-коуча (ICF), кандидата психологических наук Ларисы Назыровой студенты-выпускники пройдут курс подготовки к самостоятельной жизни в профессиональной и бизнес-среде.
Толығырақ...Өлкеге танымал тұлға
31 қаңтар күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өлкемізге кеңінен танымал тұлғамен кездесу өтеді. Ол – белгілі журналист, жазушы, 6 тарихи бестселлердің авторы, тарихшы-зерттеуші, биылғы жылдың мерейтой иегері Вадим Геннадьевич Обухов.
Толығырақ...Рухани жаңғыру: Әлемі әдемі Әмина
8 наурыз - Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың туған күні. 13 наурыз күні сағат 14.00-де кітапханада Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Әмина Өмірзақованы еске алуға арналған ретро-фестиваль басталады. Көрнекті кино және театр актрисасының 100 жылдық мерейтойы биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін күндер күнтізбесіне қосылған.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26355743
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы