Абай күні "Дарын" лагерінде
- Құрылды 10.08.2019 01:56
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 174-ші туған күніне орай А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері «Дарын» балалар лагерінде «Ұлы даланың Ұлы ақыны» атты әдеби-сазды кездесу ұйымдастырды. Кездесуге қатысқан 250-ден астам қатысушы өздерінің Абай туралы білімдерін ортаға салып, ақынның тамаша өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін орындады.
Толығырақ...«АБАЙ– ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ»
- Құрылды 09.08.2019 23:37
2019 жылы 10 тамыз күні сағат 10.00-де кітапханада, ашық аспан астында «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, танымдық ойындар жүргізіледі. Бұл күн қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, жерлесіміз Абай Құнанбаевтың туған күні. Абай– қолына қалам алып, қазақтың рухын жоғары көтерген қолбасшымыз,ұлттық ұранымыз.Бағдарламада: ұлы ақынның өлеңдерінен марафон; интерактивті үстел арқылы ақынның қара сөздерін тыңдап, әндерін орындау;сөзжұмбақтар шешу;ақын әндерінен караоке, викторина; Абай әлемін сипаттайтын суреттер мозайкасын құрастыруақынның кітаптарымен селфи жасау, т.б.
Толығырақ...Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл
- Құрылды 02.08.2019 16:00
2019 жыл 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, жерлесіміз Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толады. Аталған мереке қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Толығырақ...Ұлық ақын Ұлықбек Есдәулеттің айтулы мерейтойы
- Құрылды 25.07.2019 17:22
2019 жылғы 23 шілде күні Өскемен қаласында белгілі ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы және жерлесіміз Ұлықбек Есдәулеттің 65 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойлық іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26359938
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы